Компания туралы

ҚР-ның 100-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындарына медициналық қызмет көрсетеді;

 

250-ден астам адам білікті медициналық қызметкерлер штатын құрайды;

 

Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде 70-тен астам медициналық пункттер құрылған;

 

2009ж. бастап «Казанада»компаниясы International SOS халықаралық медициналық компаниясының бір бөлігі болып табылады.

 

Казанада – Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік нысандарының өндірістік, құрылыс және шикізат өндіруімен айналысатын компаниялар үшін медицина саласында қызметтерін көрсетеді.

Казанада  ЖШС ауруханаға дейінгі медициналық қызмет көрсету мақсатында 2004 жылы Қызылорда қаласында құрылды. Қызметінің негізгі бағыты болып Қазақстанның мұнай өндіру және тау-кен секторына медициналық қызмет көрсету табылады.

Біздің клиенттеріміздің ұсыныс хаттары мен пікірлері

ҚҰБЫР ЖЕЛІСІ

ТАУ-КЕН КОМПАНИЯЛАРЫ

МҰНАЙ-ГАЗ КӘСІПОРЫНДАРЫ

ОФФШОРЛЫҚ ЖОБАЛАР

ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ

Біздің қызметтеріміз

Күнделікті медициналық тексеру жүргізу

ҚР Еңбек Кодексінің 185-ші бабының 2-ші тармағына  және ҚР Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №175 бұйрығына, ҚР Ұлттық Экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 бұйрығына сәйкес күнделікті медициналық тексеру жүргізу – ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында, және де қауіптілігі жоғары, машиналарға және механизмдерге байланысты жұмыстарда жұмыс істейтін мамандық қызметкерлерін ауысым алдындағы/рейс алдындағы міндетті медициналық тексеру Қаулысына сәйкес жобада күнделікті рейс алдындағы және ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізу  (жеке тұлғада науқастанудың болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, жалпы қарау, дене температурасын, қан қысымын  өлшеу және заманауи алкотестерді қолданып ішімдікке сынама жасау арқылы денсаулық жағдайын, және де уақытша жұмысқа жарамсыздығын, осы ауысымда жұмысқа кәсіби жарамдылығын   анықтау).

Шұғыл  медициналық көмек

Шұғыл медициналық көмек – медициналық жүгінулердің санатына (жарақат, науқастану) қарамастан медициналық қызмет көрсету, уақытында шұғыл көмек көрсету, тиімді әрекет жасау, ұсынылған медициналық қызметкерлердің құзіреттігі шегінде реанимация жасау, жобадағы емделушінің жағдайын тұрақтандыру және қажет болған жағдайда кейіннен мамандандырылған медицина мекемесіне көшіру.

Кеңес беру

Кеңес беру – емделушілерді тәулік бойы қабылдау, дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындап ұсыныстар беру және қажет болған жағдайда медициналық емшаралар жасау (к/і тамшылар, к/і құйылмалы, б/і, п/к егулер, таңулар).

Амбулаторлық-емханалық емдеу

Амбулаторлық-емханалық емдеу –  кейіннен ұсыныстар бере отырып,  жобадағы емделушілерді үш күн бойы емдеу.

Дәрі-дәрмектермен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету

Дәрі-дәрмектерді және шығын материалдарын жеткізу – сертификатталған дәрі-дәрмектерді және шығын материалдарын сатып алу және жеткізу.

Жедел шұғыл көмек машинасы

Жедел шұғыл көмек машинасы – шұғыл әрекет жасауға және көшіру кезінде көмек көрсету үшін толығымен жабдықталған және жарақталған ШКМ ұсыну.

Көшіру

Көшіру – зардап шеккен адамды кейіннен ауруханаға жатқызу үшін өндірістік бөлімшеден жақын жердегі медициналық мекемеге дейін көшіру және емделушілерді көшіру кезінде дәрігердің немесе фельдшердің міндетті түрде сүйемелдеуі.

Көшпелі алдын алу тексерулері

Көшпелі алдын алу тексерулері – барлық медициналық қызметкерлердің жабдықтармен бірге шығуын ұйымдастыру және тікелей өндірісте немесе вахталық кешенде жыл сайынғы алдын алу тексерулерін өткізу.

Вакцинация

Вакцинация – тұмау, оба, кене энцефалиті вирустарынан қызметкерлерге маусымдық вакцинациялар ұйымдастыру және өткізу.

Өнеркәсіптік гигиена

ҚР кодексінің 2009 жылғы 18 қыркүйек айындағы  №144-ші бабының 6-шы тармағына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» - ҚР ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қыркүйек айындағы №234-ші бұйрығына сәйкес ас бөлме қызметкерлерінде іріңді аурулардың болуына тексеріс жасау.

Еңбек гигиенасы:

a. Тұрғылықты жерлерді, тамақ тарату және қабылдау пункттерінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын тексеру;

b. Азық-түліктерді олардың сертификаттарына сәйкестігін тексеру;

c. Санитарлық-ағарту жұмыстары (әңгімелесу, бюллетеньдер, бейнефильмдер);

d. Ауыз суын бактериалдық, радиологиялық және химиялық талдауларға іріктеу;

e. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық оқытулар, денсаулық қорғау жөніндегі дәрістер мен семиналар өткізу;

 

 

Тәуелсіз санитарлық және медициналық аудит

Тәуелсіз санитарлық және медициналық аудит – медициналық менеджердің медициналық пункттердің жұмысын толық тексеруі және жұмыстағы анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беруі.

Өндірістегі науқастануларды саралау

Өндірістегі науқастануларды саралау – еңбекке жарамдылығы уақытша жоғалған науқастануларға талдау жүргізу және науқастануды азайтуға бағытталған шараларды  әзірлеу.

Тренингтер

Тренингтер  – қуыршақты пайдаланып және арнайы тренажерлерді пайдаланып зардап шеккен алдамға алғашқы көмек көрсету жөніндегі оқыту және тренингтер өткізу.

Медициналық репатриация

Медициналық репатриация – медициналық-тасымалдау қызметін ұйымдастыру, кез-келген күрделіліктегі емделушілерді (науқастарды) жер бетілік немесе әуе көлігімен тасымалдау.

Кері байланыс

Казанада клиенттердің өнеркәсіптік және қашықтағы жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлеріне жоғары сапалы және экономикалық тиімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтердің кең ауқымын ұсынады.

 

Біздің клиенттеріміз сондай-ақ,  Казанадамен көрсететін медициналық қызметтердің қазақстандық еңбек және медициналық заңнамалардың барлық нормаларына толығымен сәйкес келетіндігіне сенімді бола алады.

 

 

Контакты:

 

Республика Казахстан,

г.Алматы, Медеуский район, ул.Горная, 1 Б.

 

www.kazanada.kz

 

Менеджер по развитию бизнеса

эл.адрес nazgul.makhimova@kazanada.kz.

моб. 8 (701) 534 9760

 

Специалист по кадрам

эл.адрес hr@kazanada.kz.

моб. 8 (701) 228 96 58

Submitting Form...

The server encountered an error.

Form received.

Қашықтағы және өнеркәсіптік жобаларға арналған медициналық қызметтер